Көптілеуовтер әулетінен тараған ұрпақтар
бақилық болған ата-анамыз бен бауырларымызды
сағынышпен еске аламыз!!!
Ардақты әкеміз Көптілеу баласы Әбубәкір 1928 ж. Райым ауылында туылған.
Кіші жүз, Руы – Жақайымның Көлімбетінің Тентегі.
Көзі тірі болғанда әкеміз биыл 95 жасқа толар еді…
Сұм ажал ортамыздан алып кеткеніне 20 жыл толып отыр.
Аяулы анамыз Орынбайқызы Айнагүл 1931 ж. Ескұра ауылында дүниеге келген.
Кіші жүз, Руы - Жақайымның Бердіңғұлының Мыртасы.
Бақилық болмағанда анамыз биыл 92 жасқа толар еді…
Анамыздан айрылғалы 26 жыл толды.
Жақын адамдарыңды жоғалту өте қиын, ал ата-анадан айрылу - емі жоқ қайғы-қасірет. Әке-шешемізді сағына еске аламыз, жандары жәннатта болсын.
1949 жылы отау көтерген Әбубәкір әкеміз бен Айнагүл анамыздың берекесі жарасқан отбасында Қамбаш стансасында бес бала: 2 ер бала және 3 қыз бала Бақыт, Қалима, Нағима, Бағымкүл, Жолдас дүниеге келді.
Отбасының өмір тарихын еске түсірсек, әкеміз Әбубәкір Шөмішкөл ауылында мұғалімдік қызметін бастап, 1968 ж. жас маман ретінде Құмбазарауылындағы № 200 мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігіне жолдамамен жұмысқа жіберілген жәнежанұясымен сол ауылға қоныс аударған.
Өмірлерінің ақырына дейін ата-анамыз Құмбазар мектебінде қызмет жасаған.
Бүгінгі күні 400-ден астам педагогтік өтілі бар жанұялық педагогтер династиясының көшін бастаған - ардақты әкеміз мұғалімдік пен басшылық қызметтензейнеткерлікке шыққан.
Әулетімізде орны ерекше, әкеміздің жолын жалғастырып, № 200 мектепте мұғалімдік, басшылық қызметімен елге сыйлы, абыроймен еңбек еткен, бәрімізге жол бастар ақылшымыз болған - Бақыт ағатайымыз
63-ке қараған шағында кенеттен өмірден озды.
22 жыл жолдасымен бірлескен өмірінде 4 балапанын өмірге әкеліп, тіршіліктің көп қызығын көре алмай кеткен, мейірімділік пен бауырмалдықтың үлгісі болған, арқа сүйер апайымыз - Қалима тәтеміз
44 жасында ортамыздан кетті.
Жан бауырларымызды ойлағанда, жанымыз жабырқап, бірге өткен күндерімізді сағынышпен еске аламыз, қараңғы үйлері жарық, жұмақтан болсын орындары дей отырып, өздерінің іздерін жалғар, әкелеріне, аналарына дұға қылып жүрген ұрпақтарына шапағаттары тисін, берекелі өмір берсін дейміз.
Қолы тигенді жайнатып жіберетін қасиеті бар жақсы адамдар ол жаққа да керек екен. Сырымызды бөлісіп, ақылын айта білген, көңілімізден ерекше орын алып кеткен аяулы Шарипа жеңгемізді сұм ажал арамыздан
62-ге толмай алып кетпегенде, күні ертең
70 жасқа толар еді.
Жеңгеміздің нұрлы бейнесі есімізде сақталады, алды бейіш, иманы саламат болсын.
Қажымас қайратиесі, болмыс-бітімі, өзі де, ісі де ірі
49 жасында бақилық болған әулетіміздің күйеу баласы - қадірлі Асан Хамзеұлы өзінің адамдық қалпымен есімізде мәңгі сақталады. Жатқан жері жайлы болсын. Артында қалған ұрпақтарыалла тағаланың шапағатына бөленсін деп тілейміз.
Біздер Арал өңіріне белгілі болған Көптілеу болыстың тұқымынан тарағанымызды мақтан тұтамыз, бағалаймыз және «арғы тегі мықты, текті жерден шыққан» деген атаққа нұқсан келтірмеуге тырысып бағудамыз.
Алла тағаламыз баршамызды тіл-көзден сақтап, қорғап-қолдасын!
Көптілеу болыс атамыздың қызы, Әбубәкір әкеміздің бауыры, қамқоршысы болған, Райым ауылдық советінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш әйел - ауылдық советтің председателі, Айнагүл анамыздың атауынша «Ауылнай апа» - Аққатша мамамыздың аруағы риза болсын, баршамызды қолдап-қорғап жатсын.
Алла тағаламыз өзіне ерекше қасиет берген, қызықты тағдыры бар керемет адам болған Аққатша мамамыздың артында қалған ұрпақтары жасай берсін.
Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын, иманы өзіне серік болсын дейміз.
Осынау жарық дүние есігін ашуға себепкер болған 5 балапаны үшін ең аяулы жандар – әкеміз Көптілеу баласы Әбубәкір мен анамыз Орынбайқызы Айнагулдің рухтарына бүгінгі дұға тілектеріміз қабыл болсын.
Ата-анамызға бауырларында өсірген балапандарына өмірлік үлгі бола білгендері, сүйіспеншілік пен шыдамдылықтары, бала күнімізден табандарыңа кірген тікен маңдайымызға кірсін деп жасаған жақсылықтары, көрсеткен қолдаулары үшін шын көңілден ризашылығымызды білдіреміз.
Біздерге өмір сыйлаған, тәрбиелеп-өсірген, ардақты ата-анамыздың əрбір айтқан ақылдары мен көз алдымыздан кетпейтін жарқын бейнелері санамызда мәңгілікке сақталады.
Әке-шешеміздің аруақтары алдында бас иеміз, бүгінгі перзенттік парызымызбен жандарыңыз мәңгілік жәннатта мекен етсін деп тілейміз.
Әке деген асқар тауың, орманың,
Әке деген жұбанышың, қорғаның!
О, ағайын бар кезінде Әкені,
Қадірлейік, өкініште болмағын!
Анажан шаңыраққа болдың пана.
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда.
Сағындық ана, сізді баршамыз да.
Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.
Өзімізді санаушы едік бақытты,
Баршаңыз ортамызда болғанда.«Өлі риза болмай, тірі байымас» деген сөз бекер айтылмаған.
Өмірден озған ата-анамыз бен бауырларымыз ұрпақтарының, туыстары мен достарының жүрегінде мәңгі есте сақталады.
Бүгінгі асқар таудай әкеміз Әбубәкірдің өмірден өткеніне 20 жылдық және аяулы анамыз Айнагүлдің өмірден өткеніне 26 жылдық құран бағыштау асынакеліп, көңіл білдіргендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызға Алла разы болсын. Амандықта болайық. Ғұмырлы болыңыздар!